Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - Аз уақыт қысқарудан кейін ипотекалық несиелендіру қайтадан жанданып келеді. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
2017 жылдың мамырында нарық көлемі бірден 13,4 пайызға өсті (118 млрд теңге). Бұл ипотека нарығындағы айлық өсімнің соңғы бес жылдағы ең жоғары деңгейі.
Ал 2016 жылдың мамырында ҚР ипотекалық несие көлемі 0,8 пайызға ғана артқан (6,9 млрд теңге).
Ипотека нарығына белсенділіктің қайтып оралуы тұрғын үй объектілері сатылымының көбеюіне байланысты. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда тұрғын үй сату және сатып алу бойынша 111,8 мың келісім жасалған. Бұл 2016 жылдың аталған мерзімінен салыстырғанда 27,3 пайызға көп.
Сонымен қатар, осы жылы 2016 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 29,5 пайызға (77,3 мың) көп пәтер сатып алынды. Жеке үйлердің сатылымы бойынша келісім саны бір жылда 22,6 пайызға артып, 34,5 мыңды құрады.
2017 жылдың мамырында ҚР барлық аймақтарында банктердің ипотекалық қарыздары көбейген. Олар Алматы (17,4%), Астана (7,8%) және Қарағанды облысы (28%) және т.б.