Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz — Тұрғын үй сатып алуға қазақстандықтар банктерден 1,49 трлн теңге алды.
Егер жыл басында бұл көрсеткіш 1,31 трлн теңгені құраса, маусым айында ол 1,49 трлн теңгеге жетті. Осылайша жарты жыл ішінде берілген қарыз 13,7%-ға немесе 172,2 млрд теңгеге өсті.
Ұлттық банктің мәліметінше, қысқа мерзімді қарыздарға ұлттық валютада 1,9 млрд теңге, шетел валютасында – 161,5 млн теңге берілді.
Бұл ретте банктер ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) несиеге 1,4 трлн теңге, шетел валютасында 34,8 млрд теңге берді.
Тұрғын үй сатып алуға ең көп ақшаны Нұр-Сұлтанда – 398,6 млрд теңгеге және Алматыда – 378,5 млрд теңгеге алған. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш тиісінше 18,4%-ға және 10,9%-ға өсті. Шығыс Қазақстан облысында маусым айында қазақстандықтар ипотекаға 85,9 млрд теңге (+13,2), Ақтөбе облысында - 82,7 млрд теңге (+10,4%) алды.
Тұрғын үй қарызына ең аз өтінішті Алматы облысының тұрғындары – 29,1 млрд теңге менТүркістан облысының тұрғындары – 1,3 млрд теңге берген.