Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ирак мұнай экспортын 22%-ға арттырды

Ирак мұнай экспортын 22%-ға арттырды

Ирак 2015 жылдың мамыр айында экспортқа шығарылатын мұнай көлемін 2014 жылдың мамырымен салыстырғанда 21,9%-ға, тәулігіне 3,145 млн баррельге дейін арттырды. Бұл туралы Ирактың State Oil Marketing Organization (SOMO) мемлекеттік компаниясының хабарламасында айтылған.

Өткен жылдың сәуір айында Ирак елдің сотүстігінде "Ирак пен Леванттың ислам мемлекеті" тобының боевиктері жаcаған шабуылтарға байланысты Киркук ауданында орналасқан кен орындарынан мұнай экспортын тоқтатқан болатын. 2014 жылдың сәуір айымен салыстырғанда Ирактағы мұнай экспортының көлемі сәуір айында 22%-ға жоғарылаған. Жалпы алғанда мамыр айында 97,5 млн баррель мұнай экспортталды. Дәстүрлі түрде экспорттың негізгі көлемі Басра ауданындағы кен орындарына тиесілі - 83,5 млн баррель. Киркук ауданында орналасқан кен орындарынан экспортқа мамыр айында 14 млн баррель шығарылды. Мамыр айында мұнай орта есеппен барреліне 55,9 доллардан сатылды. Нәтижесінде мұнай экспортынан мамыр айында бюджеке 5,45 млрд доллар келіп түскен.

Похожие материалы