Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Иран АҚШ-ты сотқа береді

Иран АҚШ-ты сотқа береді

Тегеран билігі БҰҰ-ның Халықаралық сотына  АҚШ-қа қатысты шағым түсіреді. Себебі АҚШ 2 млрд долларға жуық ирандық активтерді қайтарудан бас тартқан. Вашингтондағы Жоғарғы Сот аталған қаржы 1983 жылы Бейрут қаласындағы теракт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына беріледі деп шешкен. Бұл туралы РБК хабарлайды.

«Біз Иранның мүлкін меншіктеп алғысы келетіндерге қарсы тұру үшін қажетті шараларды қабылдадық. Иран билігі АҚШ-қа қатысты БҰҰ-ның Халықаралық Сотына шағым түсіреді. Біз америкалықтардың заңды қалай бұзғандарын әлемге көрсеткіміз келеді", - деді Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф парламенттегі сөйлеген сөзінде.

Иран билігі Вашингтонмен соттасуға дайындығы туралы сәуір айында мәлімдеді.

Айта кетейік, АҚШ конгресі 2012 жылы Бейруттағы теракт кезінде қаза болғандарға Иран елінің активтері берілетіні туралы заң қабылдап, осы жылдың сәуірінде Иранның Орталық банкіне қаражатты қайтарудан бас тартты. Алайда Иран аталған терактіге еш қатысы жоқ екенін хабарлады.

Похожие материалы