Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Иран мұнайды кез-келген бағамен сатуға дайын

Иран мұнайды кез-келген бағамен сатуға дайын

Иран әлемдік энерготасымалдаушылардың бағасына қарамастан-ақ мұнай сата береді. Бұл туралы Ислам Республикасының мұнай министрі Бижан Намдар Зангане хабарлады деп хабарлайды Reuters.

Оның атап өтуінше, Иран мұнайды экспорттауы қажет және оның бағасының арзандайтыны немесе қымбаттайтындығы маңызды емес. Занганенің атап өтуінше, санкциялар алынып тасталғаннан кейін ел тәулігіне 1 млн баррель қара алтын өндіруді жоспарлап отыр. Оның сөзінше, Ислам Республикасы санкциялар шегерілгеннен кейінгі алғашқы күндерде-ақ тәулігіне 500 мың баррель мұнай шығара алады. Осыған дейін, министр Тегеран кез-келген жолмен шикізат өндірісінің көлемін арттыруға күш салады деп мәлімдеген еді. Шілденің ортасында «алтылық» елдері мен Иран ядролық бағдарлама бойынша келісімге келді. Нәтижесінде Тегеранға қатысты санкциялардың жұмсартылуы туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, 14 шілдеден бастап Brent маркасының баррелі 59,10 доллардан 42,69 долларға дейін төмендеді.

Похожие материалы