Қытай Пәкістандағы энерготасымалдаушылар тапшылығының көп жылғы проблемасын шешу мақсатында Ираннан Пәкістанға дейін ұзақтығы 700 км газ құбырын салмақшы. АҚШ бұл жобаға қарсы деп хабарлайды The Wall Street Journal.
Сәуір айында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин іс-сапармен Исламабадқа барған кезде Қытай мен Пәкістан арасындағы осы келісімге қол қойылады. Газ құбырын China National Petroleum Corporation CNPC компаниясы салады.
Газ құбырының құрылысына 1,5-1,8 млрд доллар қаржы жұмсалады, қаражаттың 85%-ын несие түрінде Қытай береді, қалған қаражат Пәкістан есебінен. Газ құбыры Пәкістанның бастысындағы Гвадар портынан бастап Синд провинциясындағы Навабшах қаласына дейін тартылады, содан соң құбыр Пәкістанның қолданыстағы газ тарату желісіне қосылады.
Ал Гвадардан Иран шекарасына дейінгі бөлікті Пәкістан өзі салады.
Жоба екі жыл ішінде орындалып бітеді. Нәтижесінде Пәкістан 4,5 ТВт энергияны генерациялау үшін қажетті газдың жеткілікті мөлшеріне ие болады.