Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – Brent маркалы мұнайдың құны 2015 жылдың мамыр айының 13-інен бастап алғаш рет барреліне 68 доллардан асты, деп хабарлайды LS.
Астана уақытымен сағат 8: 50-де баға бірте-бірте төмендеп, барреліне 67,91 долларды құрады. Жалпы, күнделікті өсім 2 пайызға жетті.
28 желтоқсанда басталған Ирандағы тәртіпсіздіктер өсімге әсер етті. Митингке қатысушылар бағаның өсуіне риза емес. Иран полициясымен болған қақтығыстар нәтижесінде кемінде 20 адам қаза тауып, 450-ге тарта адам наразылық акцияларына қатысқаны үшін тұтқындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың аяғында Ливия мұнай құбырында жарылыс болғаннан кейін қара алтынның құны бірінші рет барреліне 67 доллардан асты.