Иран мен халықаралық делдалдық етуші «алтылықтың» арасындағы уағдаластық Ислам Республикасына енгізілген санкцияларды шегеріп, әлемдік нарыққа иран мұнайының шығуына жол ашады. Бірақ осының өзінде бұл өзгеріс мұнай нарығына 2016 жылдан кейін ғана әсер етпек. Ал иран экспорты санкцияға дейінгі деңгейіне 2016 жылы ғана жетуі мүмкін деп хабарлайды РБК.
Санкцияларды кері шегергені туралы жаңалықтың әсерінен мұнай баға белгіленімі төрт пайызға төмендеді. "Егер уағдаластық ресми түрде күшіне енсе, қысқа мерзім ішінде мұнай бағасы он немесе жиырма долларға дейін төмендеп кетуі мүмкін",- дейді Capital Economics сарапшысы Томас Пью. Бірақ тез арада қайта қалпына келуі мүмкін.
Нарыққа иран жеткізушілері оралысымыен мұнай бағасы он долларға дейін түседі деп жазады Bloomberg американдық шенеуніктерге сілтеме жасап.
«Енді нарықты реттеп отыру үшін ОПЕК мүшелерінің өздігінен әрекет етулеріне тура келеді. Сауд Арабиясына өндірісті азайтуы қажет", - дейді Again Capital хедж фондының әріптесі Джон Килдуфф.
RusEnergy консалтингтік компаниясының әріптесі Михаил Крутихиннің еептеуінше, иран жағдайы нарыққа қосымша әсер етеді. Бірақ жыл соңына дейін баға тек елу доллардан төмен түседі.
Еске салайық, наурыз айының ортасында Иранның мұнай министрі Намдар Зангане эмбаргоны алып тастағаннан кейін мемлекет мұнай өндірісін тәулігіне бір миллион баррелге дейін ұлғайтады деп мәлімдеген еді.