Алматы. 6 ақпан. 7 kun.kz – Facebook, Amazon, Alphabet (Google) және Netflix сияқты ірі технологиялық компанияларды капиталдандыру 90,7 млрд долларға қысқарды, деп хабарлайды CNBC.
Басылымның айтуынша, құлдырау 5 ақпандағы сауда-саттықтың аяқталуынан кейін байқалған АҚШ нарығындағы жалпы құлдырау аясында орын алған.
Негізгі сауда-саттық сессиясының аяқталу сәтінде Facebook, Amazon, Alphabet және Netflix акциялары 2,8 пайыздан 5,1 пайызға дейін төмендеді. Капитализацияда ең көп зардап шеккен Alphabet компаниясы болды. Ол 39,5 млрд долларынан айырылды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!