Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ірі көлемде кредит алуға көмектескен Халық банкінің қызметкері ұсталды

Ірі көлемде кредит алуға көмектескен Халық банкінің қызметкері ұсталды

Атырау. 30 мамыр. 7kun.kz - Атырау облысында ірі көлемде кредит алуға көмектескен Халық банкінің қызметкері қолға түсті. Ол бұл қызметі үшін несие алушыдан жүйелі түрде пара алып келген. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

«Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі «Қазақстан Халық банкі» АҚ Атырау филиалы Индер аудандық басқармасының бастығы Р.Ш. Мұхтарова 5  млн. теңгеден жоғары  несие беру мәселесін оңтайлы шешкені үшін жүйелі түрде 260  000 теңге заңсыз сыйақы алып келгенін анықтады», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылық дерегі ҚР ҚК-ның «Параға коммерциялық сатып алу» 253-бабының 5-тармағы 2-бөлімімен СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық Кодекстің  аталған  бабының  санкциясы   бойынша   мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылды. Одан бөлек, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы  көзделген.

Өзге   ақпарат  тергеу  мүддесі  үшін  жарияланбайды.

Похожие материалы