Экономика
Медиа
Ірі көлемдегі қаражатты жымқырғаны үшін Матаев 12 жылға сотталуы мүмкін
Бүгін таңертең Ұлттық Баспасөз клубының Президенті Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алматы қаласының Коррпуцияға қарсы қызметі осы мәселеге қатысты ресми ақпар таратты. Бұл туралы «Новости-Казахстан» агенттігі
хабарлады.
Аталған ведомстваның хабарлауынша 2011-2015 жылдары аралығында ақпараттық саясат үшін бөлінген 300 млн теңгеден астам қаражатты ұрлау фактсін анықталған. Бұл іске қатысы бар Ұлттық Баспасөз клубының Президенті Сейітқазы Матаев қаржы ұрлағаны және салық төлемегені үшін 6-12 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Коррпуцияға қарсы қызметтің ақпаратына сүйенсек 2011-2015 жылдары Ақпарат комитеті мен «Қазақтелеком» АҚ мемлекеттік ақпараттық саясатты қолдау үшін 300 млн теңге бөлген. Оны игеру үшін «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС, «Ұлттық баспасөз клубы» ҚБ-мен келісім жасалған. Алайда мемлекет тарапынан төленген қаражатқа дайындалған ақпарат жабық, оны оқу ақылы болған. Агенттік пен баспасөз клубы өз міндетін орындамады деген департамент Ақпарат комитеті бөлген 80 млн теңге мен «Қазақтелеком» бөлген 260 млн теңгені Сейітқазы Матаев қолма-қол ақшаға айналдырып, қалтасына басқан деп отыр.
Заңсыз кәсіпкерлік жолмен С.Матаев 1,4 млрд теңге көлемінде пайда тапқан. Әрі 327 млн теңге салық төлемеген. Сондай-ақ, жергілікті органдар бөлген 169 млн теңгенің де қайда кеткені анықталуда.
«Матаев жасаған жемқорлық және экономикалық қылмыс ауыр қылмыс саналады. Оған ақаражатты жымқыру, салық төлемеу бойынша айып тағылды. Бұл бойынша мүлкін тәркілеу арқылы, 6-12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру қарастырылған», делінген ведомстваның ақпаратында.
Қазіргі кезде сот шешімі бойынша С.Матаевтың мүлкіне тиым салынған. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.