Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда ірі және орта кәсіпорындарда қандай мамандықтар жетіспейтіндігі белгілі болды деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
Статистика комитетінің берген ақпараты бойынша, ірі және орта кәсіпорындарда келесі мамандықтар кадрлар жетіспейді: басшылар және мемлекеттік қызметшілер - 1035, кәсіби мамандар - 6643, техника мамандары және басқа да көмекші персоналдар - 2264, әкімшілендіру саласындағы қызметшілер - 844, қызмет көрсету және сауда саласының қызметішілері - 2358, фермерлер, ауыл және орман шаруашылығының қызметкерлер - 86, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және осы тектес қызметтеріндегі жұмысшылар - 5115, өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар және жүргізушілер қызметі - 5223, біліктілігі жоқ жұмысшылар - 2888 бос жұмыс орын.