Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ә.Исекешев: Toyota мен Coca-Cola Қазақстандағы өндірістерін кеңейтеді

Ә.Исекешев: Toyota мен Coca-Cola Қазақстандағы өндірістерін кеңейтеді

Әлемдік Tоyota және Coca-Cola компаниялары Қазақстандағы өз өндірістерін кеңейтеді. Бұл туралы шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев хабарлады.

"Бірінші бесжылдық аясында өңдеуші өнеркәсіп өндірісін бастаған дүниежүзілік тізімдегі 18-ден аса ірі инвестор "Toyota", "Coca-Cola" секілді компаниялардың өндірісін кеңейтуге қайта инестиция салуды жоспарлап отыр. Шамамен 22-ден аса жоба", - деп мәлімдеді министр өткен жылғы отырыс уақытында берілген тапсырмалар бойынша өз есебін беріп жатқанда. Шетелдік инвесторлармен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау туралы сөз қозғағанда, Ә.Исекешев Теңізшевройлды, Қарашығанақты кеңейту, Астана-ЭКСПО 2017, Әбу-Даби Плаза секілді ірі жобаларда жергілікті қатынасу үлесінің артқаны туралы хабардар етті. "Осылайша, ТШО-ны (Теңізшевройл - 7un.kz) кеңейту жобасы бойынша жергілікті қатынасу үлесін арттыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, 116 қазақстандық компаниядан жеткізушілердің мәліметтер базасы жасақталды. Қарашығанақты кеңейту, Астана -ЭКСПО 2017, Әбу-Даби Плаза жобалары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, жергілікті жеткізушілер базасы жасақталды, бірінші келісім-шарттар іске асырылуда", - деді ол. Министр келешекте тауарларды сертификаттауға қатысты көмек көрсетуге, қызметкерлер құрамын оқытуға, өнім сапасын жоғарылатуға басым назар аударылатынын айтты. "Әрбір ірі инвестормен осындай жоспарларды жолға қоюды, ірі жобалар айналасында шағын және орта индустриалдық сервистік компаниялар шоғырын құруды жоспарлап отырмыз", - деп қорытындылады ол.

Похожие материалы