Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

МNP енгізілуіне қажетті Заң жобасы мақұлданды

МNP енгізілуіне қажетті Заң жобасы мақұлданды

Бүгін Мәжіліс елімізде Mobile Number Portability технологиясын енгізуге мүмкіндік беретін Заң жобасын мақұлдады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын депутаттарға ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов таныстырды.

Министр бұл Заң қабылданса Қазақстанда «мобильдік тәуелділік» жойылатынын атап өтті. «Айталық, сіз «KCell» мобильді байланыс операторының қызметін қолданып жүріп, «Beeline-ға» ауысқыңыз келді. Енді бұрынғыдай «сим-карта» сатып алудың қажеті жоқ. Сол нөмірмен-ақ, өзге байланыс операторына тегін ауыса аласыз. Ол үшін сіз өтініш беріп, кез келген компанияның, кез келген байланысына нөмірді өзгертпестен ауысасыз. Мобильдік тәуелділікті алып тастаудағы мақсат та сол — барлық қызметтердің тегін берілуін қамтамасыз ету», — деді Ә.Исекешев.

Депутаттар Заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Похожие материалы