Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ішкі істер министрлігі елдегі барлық түрмені тексереді

Ішкі істер министрлігі елдегі барлық түрмені тексереді

Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – Алматы облысындағы түзету мекемесіндегі оқиғадан кейін, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан коллонияларында тексеріс жүретінін айтты, - деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан». 

«Заречный орын алған фактілер басқа мекемелерде қайталанбас үшін осыған ұқсас жағдайлар болған мекемелерде ұлттық алдын алу шаралары, сондай-ақ азаматтық қауымдастық, ведомствоның қауіпсіздік департаменті бірлесіп тексеріс жүргізеді», – деді министр журналистерге.          

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада әлеуметтік желілерде Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА 155/8 колониясында қызметкерлер сотталғандарды қалай азаптағаны жайлы жасырын камерамен түсірілген бейнеролик тарап кеткен болатын. 

Тексеріс қорытындысы бойынша аталған колонияның 14 қызметкері дисциплинарлық жауапкершілікке тартылған, жетеуі ішкі істер органдарынан кетті, ал бесеуі, оның ішінде колония бастығының орынбасары ұсталды. Екі қылмыстық іс қозғалған.

Похожие материалы