Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ішкі істер министрлігіне қосымша құзырет берілмек

Ішкі істер министрлігіне қосымша құзырет берілмек

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz –  Ішкі істер министрлігіне жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіру жұмыстарын ұйымдастыру құзыреті берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған ҚР Үкіметінің қаулы жобасында жазылған, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктеріне жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру құзыреті берілсін», – делінген жаңа редакцияда.

Үкімет қаулысының жобасы 6 наурызға дейін көпшілік талқылауда болды.

Похожие материалы