Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ішкі нарыққа 59,8 млн тонна көмір жөнелтілді

Ішкі нарыққа 59,8 млн тонна көмір жөнелтілді

Астана. 27 қазан. 7kun.kz - Оның ішінде 44,8 млн тонна энергия өндіруші кәсіпорындарға жөнелтілді. 82,0 млн тонна көмір өндірілді, аталған көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға көп. Бұл туралы бүгін энергетика министрлігінде өткен мәжілісте айтылды деп хабарлайды министрлік баспасөз қызметі.

Экспорт 22,9 млн тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен 13,9 пайызға көп. Сала электр энергиясының өндірілуінің шамамен 70 пайызын, кокс химиялық өндіріс жүктемесінің жүз пайыз дерлік қамтамасыз етеді, республиканың коммуналдық-тұрмыстық секторын және халықты отынға деген тұтынушылығын толық қанағаттандырады.

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа көмір жөнелту 9,0 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға көп.

Похожие материалы