Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ішкі туризмді дамытуға отандық инвесторларды тарту қажет

Ішкі туризмді дамытуға отандық инвесторларды тарту қажет

Астана. 18 қыркүйек. 7kun.kz -  Қазақстанда туризмді дамыту үшін отандық инвесторларды тарту қажет. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев «Бірігу жолында» атты Жібек жолы елдерінің халықаралық форумы барысында 7kun.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.  

Тимур Дүйсенғалиевтың айтуына қарағанда туризм саласына инвестиция салуға ниетті отандық инвесторлар аз. Егер мұндай адамдар болса «Kazakh Tourism» қосалқы инвестор болуға дайын.

«Инвестор үшін тиімді артықшылық немесе жеңілдік, асқан қызығушылық туғызатын белгілі бір шарт ойлап табуымыз қажет. Егер маңызды әрі қызықты жоба болса, біздің компания қазірден қолдауға әзір. Бастысы, біз ішкі отандық инвесторларды тартуымыз керек», - деді Тимур Дүйсенғалиев.

Оның айтуынша, бүгінгі ресми статистика бойынша, туризм саласы еліміздегі ЖІӨ-не шамамен 1% ғана кіріс әкеледі.

«Біздің міндетіміз - 2023 жылға қарай экономикадағы бұл деңгейді 8%-ға жеткізу. Сондай-ақ, жоспарға қойылған бұл көрсеткіш бағамы қазіргі уақытта ЖІӨ-ге 5% кіріс әкелетін ауыл шаруашылығы көрсеткішінен жоғары. Бұл мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында көп қаражат жұмсалатыны анық.  Бүгін біз талқылап отырған 1,5 миллион теңге емес. Себебі ауыр инфрақұрылым, жолдар мен туризмді дамыту локомотивтеріне күш салынады. Атап айтатын болсам,  тау шаңғысы курорттарын, жағажайларды, Алакөл, Балқаш, Каспий теңізінің аумағын дамыту», - деді Дүйсенғалиев.

Похожие материалы