Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ислам даму банкі Қазақстанға 300 млн доллар инвестиция құяды

Ислам даму банкі Қазақстанға 300 млн доллар инвестиция құяды

Астана. 15 наурыз. 7kun.kz - Ислам даму банкі 2017-2020 жылдар аралығында Қазақстанның қаржы нарығына 300 млн доллар құяды. Бұл туралы Астана халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

"Біз Астананы исламдық қаржыландыруын дамытатын орталық ретінде қарастырғымыз келеді. Исламдық қаржыландыру - басқа да дамушы елдерден инвестиция тартудың бір амалы. Бұл тек ислам нарығы емес, оған Британия, Гонконг, Жапония да кіреді. Қазақстан да бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалана алады", - деді Келімбетов.

Оның айтуынша, Қазақстанның исламдық қаржыландыруда аймақтық көшбасшысы болуға мүмкіндігі мол. 

"Исламдық қаржыландырудың бір артықшылығы - онда қарыз жоқ. 2008 жылғы дағдарыс үлкен қарыздар қаржылық тоқырауға әкеп соқтыратынын көрсетті. Исламдық қаржыландыруда тек нақты активтер бар. Мұндай институттардың дамуға мүмкіндігі көп. Ал біздің институт серіктестікке дайын", - деді Ислам қаржы орталығының басшысы (Бахрейн) Муджтаба Халид.

Айта кетейік, IFN форумы аясында ислам әлемінің қаржы институттары және орталық арасында бірқатар меморандумға қол қойылды. Кездесу аясында елге инвестиция тарту, өзара ынтымақтастық орнату бойынша келіссөздер жүргізілді. Жиынға Al Hilal банкі, Бахрейн қаржы орталығының өкілдері қатысты.

Похожие материалы