Экономика
Ислам мемлекеті өзінің алтын тиындарын шығармақ
"Ислам мемлекетінің" жауынгерлері өздерінің алтын тиындары соғып бастады. Алдағы уақытта тиындарды айналымға шығару жоспарларында бар.
Британдық The Telegraph басылымының айтуынша, ИМ айналымға шығарғалы отырған жаңа валюта ислам динары деп аталады. Халиф Османның (644-656 жылдары билік еткен) кезіндегі алтын тиындар осылай аталған.
Суреттерді ИМ-не қарсы шығушы белсенді Абу Ибрагим Раккави Twitter парақшасына орналастырған. Ол қазіргі таңда жауынгерлер жаулап алған сирияның Ракка атты қаласында тұрып жатыр. Тиындарда ИГ ұраны жазылып, жеті масақтың және әлем картасының суреті бейнеленген. Сонымен бірге, осындай ислам динарының құны алтын динардың бағасымен теңестірілуі мүмкін деген болжамдар бар. Алтын динардың құны - 139 АҚШ долларына тең.
ИМ-нің алтын, күміс және жез тиындар соғып, жеке валюталарын енгізуі туралы сыбыс өткен жылдың қараша айында шыққан еді. Жауынгерлердің мәлімдемесінде мұндай шешім қабылдау арқылы АҚШ-тың "тирандық қаржы жүйесінен" бас тартпақшы. Әзірге жеті түрлі тиындар шығарылады: 2 алтын, 3 күміс және 2 жез.