Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Испания үкіметі Facebook-ке 1,2 млн доллар айыппұл салды

Испания үкіметі Facebook-ке 1,2 млн доллар айыппұл салды

Мадрид. 12 қыркүйек. 7kun.kz - Ақпараттарды сақтау бойынша Испания агенттігі (AEPD) Facebook-ке мәліметтерді қорғау заңын бұзғаны үшін 1,2 млн доллар көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда "Ақпарат сақтау бойынша екі үлкен және бір өте үлкен заң бұзушылықтың орын алғаны" жазылды.

Сонымен қатар, агенттіктің мәліметінше, Facebook қолданушылардың жеке мәліметін жинағанда (жынысы, діни және идеологиялық көзқарасы, жеке ұстанымдары) "қолданушылардың біржақты және нақты келісімін" алмайды. Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесінде анықталды.

Одан бөлек, AEPD мамандары әлеуметтік желінің тұтынушының рұқсатынсыз, жарнама мақсатында арнайы қорғалған мәліметтерді қарастыратынын атап өтті. Ал бұл ақпаратты қорғау заңына (LOPD) сәйкес өте үлкен құқық бұзушылық болып саналады.

Сонымен қатар, ресми құжатта Facebook қолданушыларға жиналған мәлімет пен оның қандай мақсатта пайдаланылатыны туралы ақпарат бермейді.

Похожие материалы