Алматы. 13 шілде. 7kun.kz - IT-мамандардың айлық табысы 11 пайызға өскен, Қазақстан бойынша орташа өсім 6 пайызды құрады. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Компьютерлік бағдарламалау, консультация беру қызметі саласының мамандары айына орта есеппен 312,3 мың теңге жалақы алады. Бұл 2016 жылдан 11,1 пайызға жоғары. Ал ҚР орташа жалақы көрсеткішінен 2,2 есе көп.
2017 жылдың бірінші тоқсаны бойынша, компьютерлік бағдарламалау мен консультация қызметінің көлемі 28,3 млрд теңгені құрады. Ал 2016 жылы 21,4 млрд теңге болған (+32 пайыз).
IT-қызметтерінің 82 пайызға жуығы Алматы (14,4 млрд теңге) мен Астанаға (8,7 млрд теңге) тиесілі. Жоғары өсім Қарағанды облысында - 2,3 есеге көбейген.
Бірінші тоқсанда сектордағы жұмысшылардың тізімдегі саны 3,9 мың адам болды.