
Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың I жартыжылдығында компьютерлік бағдарламалау және кеңес беру қызметтерінің көлемі 63,1 млрд теңгеге жетті, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 10,9 пайызға көп. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Қызмет көрсету бойынша бірінші орында - Алматы қаласы: 34 млрд теңге, бір жылда 9,1 пайызға өскен.
Екінші орында - Астана: 18,7 млрд теңге, бірден 27,6 пайызға өскен.
Үшінші орында - Қарағанды облысы: 3,1 млрд теңгені құрады.
Айта кетейік, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев 13 қыркүйекте "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын таныстырады. Бағдарламаның негізгі басымдықтарын көрсететін болады.
Айгүл Хожантаева