Экономика
Италияда Apple мен Samsung компаниясына 15 млн еуро айыппұл салынды
Алматы. 25 қазан. 7kun.kz - Apple мен Sumsung смартфондардың өнімділігін төмендету үшін бағдарламалар пайдаланды. Сол себепті Италияның монополияға қарсы қызметі техника өндіруші Apple мен Samsung компанияларына айыппұл салды. Айыппұлдың көлемі жалпы алғанда 15 млн еуроны құрады. Сонымен қатар, америкалық компания клиенттерге смартфон батареяларына қызмет көрсету және ауыстыру туралы ақпаратты ұсынбаған.
Салынған айыппұл көлемі Samsung 5 млн еуро, ал Apple 10 млн еуро.
Италиялық қолданушылардың арасында Samsung пен Apple жаңартылғаннан кейін смартфондардың ескі үлгілерінің жұмыс уақыты және олардың функционалдығы қысқарады, сол себепті жаңа модел алуға тура келеді деген шағым көп кездескен. Осы жайттан кеін компанияларға айыппұл салынды.
2017 жылдың желтоқсанында Apple ескі iPhone жұмысын баяулатқанын мойындады, функция жасырын болды және пайдаланушылық келісімде көрсетілмеген. Компания қолданушылар алдында кешірім сұрады.
Смартфон иелері мұныбасқаша жолмен шешуді ұйғарды және олар арыз бере бастады.