Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Италия ресейлік санкциялардың ұзартылуына қарсы

Италия ресейлік санкциялардың ұзартылуына қарсы

Италия үкіметі Ресейге енгізілген санкциялардың ұзартылуына қарсы шықты. Бұл туралы Италияның экономикалық даму министрлігіндегі сауда саясаты бойынша басқарманың басшысы Федерико Айхберг мәлімдеді деп хабарлайды vestifinance.ru.

"Ақпан айынан бастап Италия министрлер кеңесі санкцияны ұзартуға қарсы дауыс бермейтіндігін мәлімдеді. Біз Ресейге сенімді және дамыған мемлекет ретінде сенеміз", - деді Федерико Айхберг

Бұл мәлімдеме Confindustria Russia Ресейдегі италияндық бизнесті дамыту бойынша ұйыммен италияндық  Assolombarda өнеркәсіпшілер қауымдастығы арқылы Миланда ұйымдастырылған конференция аясында айтылды.

Бүгінде антиресейлік санкциялардың ұзартылуына қарсы шыққан ЕО елдерінің саны біршама. "Еуропалық одақтың Ресейге қарсы санкциялық режимдерді жеңілдетпекші деген ниетін білу үшін Владимир Путиннің қабылдау бөлмесіне қараудың өзі жеткілікті", - деп жазады  Bloomberg агенттігі.

Осыған дейін Кипр президенті Никос Анастасиадис ақпан айында Владимир Путинмен жолығып, ресейлік флотқа кипрлік айлаққа кірге рұқсат берген еді. Ал наурыз айында Мәскеуге Италия премьер-министрі Маттео Ренци, сәуірдің басында грекиялық премьер-министрі Алексис Ципрас келді.

Венгрия, Словакия, Австрия және Испаниямен бірге аталған елдер Украина жағдайына байланысты Ресейге салынған санкцияларды аса құлшыныссыз қолдады дейді басылым.

Vestifinance-тың жазуынша, Шығыс Украинадағы келісімге келу үдерісі нығая бастауына байланысты антисанкциялық топтың позициялары ЕО-ның келесі саммитерінің бірінде маңызды рөл ойнап, қазіргі санкциялар режимінің ұзаққа созылмауын қамтамасыз етуі мүмкін.

Похожие материалы