
Қазақстан. 4 маусым. 7kun.kz – Мемлекетаралық іздеу жарияланған қазақстандық кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
"Мемлекетаралық іздеу жарияланған Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлын Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері ұстады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Әнуәрбек Жексенғалиев 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.