Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Іздеудегі адамдарды экстрадициялауға 500 млн теңге бөлінді

Іздеудегі адамдарды экстрадициялауға 500 млн теңге бөлінді

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылы құқық қорғау органдары іздеген ҚР азаматтарын экстрадициялауға бюджеттен 500 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысында Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин хабарлады.

Сонымен қатар, Лукин жиын барысында "Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасын ұсынды. "Келісімге 2017 жылдың 1 қарашасында Астанада Иордания Королінің Қазақстанға ресми сапары аясында қол қойылды. Бұл келісім іздестіріліп жатқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін екі ел арасында экстрадициялау мәселелерін реттейді. Бұл құжатта оны беру және одан бас тарту үшін негіздер қарастырылды. Қазіргі уақытта Иордания аумағында қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген адамдар анықталмаған... 2019 жылға бюджеттен адамдарды экстрадициялау мәселелері үшін 500 миллион теңге бөлінді", - деді Бас прокурордың орынбасары. Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау қандай да бір теріс әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқпайды. "Иордан билігі іздеген адамдар да бізде жоқ, бірақ келісім алдын алу сипатында болғандықтан, мұндай адамдар анықталған жағдайда, оның қорытындысы болашақта қылмысқа қарсы күрес саласындағы тиімді ынтымақтастық үшін жақсы құқықтық негіз болады деп ойлаймын. Жалпы, келісім үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан алыс шетелдермен осындай 19 екіжақты келісім жасады. Жақын арада біз Македониямен, Кубамен, Малайзиямен және Грециямен ұқсас халықаралық келісімдерге қол қоюды жоспарлап отырмыз", - деді Лукин. Айта кетейік, келісім ҚР-ның «Халықаралық шарттар туралы» Заңына сәйкес ратификациялауға жатады. Себебі ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына әсер етеді. Заң жобасын Мәжіліс депутаттары мақұлдады.    

Похожие материалы