Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Яндекс» өз смартфонын 19 қараша ұсынуы мүмкін

«Яндекс» өз смартфонын 19 қараша ұсынуы мүмкін
Алматы. 14 қараша. 7kun.kz - «Яндекс» интернет-компаниясы өзінің смартфонын 19 қарашада ұсынуы мүмкін, деп хабарлады «Ведомости» дереккөздерге сілтеме жасап.

«Яндекс» менеджментіне және бөлшек сауда желілеріне жақын адамдар газетке айтып өткендей, «Яндекс» компаниясы «М. Видео» және «Вымпелкоммен» «Яндекс.Телефондарының» сатылымын келісіп қойған. Құрылғы дүйсенбі күні өтетін баспасөз мәслихатында ұсынылады.

«Яндекс» ірі бөлшек сауда желісімен келіссөздер жүргізген. Келісім барысында қараша айының басында 19 990 руб бөлшек сауда бағасы талқыланды.

Интернет-компаниядағы «Интерфакс» дереккөздерінің айтуынша, «Яндекс» өз смартфоның нарыққа шығаруды шын мәнінде жоспарлап отыр, алайда мерзімдер нақтыланбаған, әзірге жоба әлі де дайындық үстінде.

«Яндекстің» негізін қалаушы және акционері Аркадий Волож «Ведомосттерге» өткен жылы сұхбат берген еді. Тілшінің компанияның өз смартфонын жасау жоспары жоқ па деген сұрағына: «Енді бізге Android-ға қол жеткізгенде, оны да талқылауға болады» деп жауап берді.

Похожие материалы