Алматы. 25 шілде. 7kun.kz —15 шілдеде "Эйр Астана" мен ресейлік S7 әуекомпаниясы кодшерингтік келісімге қол қойды. Осы уақыттан бастап авиакомпаниялар Нұр-Сұлтан/Алматыдан Новосибирск/Санкт-Петербургке және кері қарай бірлескен рейстерді орындайды. Бұл туралы "Эйр Астана" әуекомпаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Келісім екі әуетасымалдаушының жолаушыларына аралас маршруттық желі бойынша саяхат жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, S7 жолаушылары Новосибирск қаласынан Қазақстан астанасына аптасына 10 рейспен қатынайды. Маршруттардың әрқайсысында жиіліктерді ұлғайту түйісу уақытын оңтайландыруға және тиісінше ұшудағы жалпы уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша, «Эйр Астана» жолаушылары Новосібірден ұшатын рейстерді таңдауға мүмкіндік алады. Мәселен, Нұр-Сұлтаннан немесе Алматыдан, мысалы, Стокгольмға баратын жолаушылар енді Санкт-Петербургтегі S7 хабының артықшылығын пайдалана алады.
«Ресей - Қазақстаннан жолаушылар тасымалы үшін маңызды нарық. Біздің серіктестік есебінен Ресейдегі қатысуды кеңейтудің үлкен артықшылығы бар. Біз S7 Airlines жолаушыларын «Эйр Астана» әуекомпаниясының бортында қабылдауға және және оларға Skytrax төрт жұлдызымен белгіленген сервис деңгейін ұсына алатынымызға қуаныштымыз. Кодшерингтік келісім шеңберінде ұшудың басталуы - біздің ынтымақтастығымыздың дамуындағы маңызды қадам", – деді "Эйр Астананың" маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ричард Леджер.