Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz – Алматы қаласында «3.2.1. Старт!» фестивалі өтті. Фестивал экология саласындағы жастар бастамаларын қолдауға бағытталған.
Фестиваль аясында отандық эко-өндірушілердің көрмесі өтті, онда 15 компания өз өнімдерін ұсынды. Арман Тосқанбаев, Айбек Рахим және басқа да жас кәсіпкерлер эко-жобаларды жүргізу және алға басу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Байқау ұйымдастырушысы Алима Исембаеваның айтуынша, бүгін Қазақстанда қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жобалар көп емес. Ал осы арада, қоршаған ортаны қорғау мәселесі өткір тұр.
«Экология тақырыбы - біздің ортақ болашағымыз. Біз жастар бастамаларын қолдауға және жастар эко-қоғамдастығын құруға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасын үшінші жыл өткізіп отырмыз. Біздің жастарымыз өте дарынды және белсенді. Көбінесе оларға білім, материалдық қор және жігерлілік жетіспейді. Оларды біреу қолдау керек. Сол сенімді серік ретінде біздің «3.2.1. Старт!» жобасы шықты. Сайыс енді ғана шыққан кезде, бізге түскен жас адамдардың идеялары шала болатын. Бірақ қатысушылар үйреніп, сынап көріп, бүгінгі таңда, грант ұтып алмағандар да, өз экожобаларын белсенді түрде іске асырып, табыс көруде. «3.2.1. Старт!» жобасының арқасында жас қазақстандықтар экоидеялар бізді жан-жақта қоршап жүргенін түсінеді. Бүгінгі отандық экоөндірушілердің көрмесі соған дәлел» - деді Алима Исембаева.
«3.2.1. Старт!» сайысы үш жыл қатарынан өткізіліп отыр. Бұл 18 жастан 29 жасқа дейінгі аралықтағы жастарға арнайы экологиялық мәселелерді шешу бойынша идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұған Қазақстанның барлық аймақтарының жастары қатыса алады. Сайыстың сыйлық қоры – 3 миллион теңге.