Алматы. 14 қараша. 7kun.kz – Елімізде жүргізіліп жатқан жекешелендіру ел экономикасындағы мемлекеттің үлесін 15%-ға дейін азайтуы тиіс, - деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Біздің міндетіміз - экономикадағы үкімет рөлін азайту және үкімет экономиканың 15%-ын ғана басқара алуы, ол үшін жекешелендірудің екінші кезеңі басталды», - деді Н. Назарбаев
Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жекешелендірудің бірінші кезеңі жүзеге асырылғанын еске салып, билік толығымен тоқтап қалған экономиканы жылжытып, дағдарыстан шыққанын айтты.