Астана. 31 қазан. 7kun.kz – Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің сайтында хабарланды.
Сондай-ақ Президент іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының директоры болып Рустам Албаев тағайындалды.
Айта кетейік, 2019 жылғы ақпаннан бастап 2020 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығын басқарған. Одан кейін 2021 жылдың желтоқсана дейін Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған болатын.