Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Эксимбанкті тарату туралы шешім қабылданды

Эксимбанкті тарату туралы шешім қабылданды

Алматы. 28 қараша. 7kun.kz – Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Эксимбанк Қазақстан"АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Үшінші тұлғалардың тарапынан сот актісіне шағым болмаған жағдайда түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап 30 күн ішінде шешім заңды күшіне енеді. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні Ұлттық Банк банктің тарату комиссиясын тағайындайды", - деп түсіндірді Ұлттық Банк.

Мәжбүрлеп тарату процедурасы Банктер туралы Заңның талаптарына, Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережелеріне және ҚР өзге де заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады.

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚДКҚ Қазақстанның жұмыс істеп тұрған банктерінің қайсысы «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың салымшыларымен төлем жүргізу жөніндегі агент ретінде жұмыс істеп, салымшылармен есеп айырысатындығын хабарлайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес агент-банк – бұл қаржылық жағдайы тұрақты, бүкіл ел бойынша ҚДКҚ-ның атынан және қаражаты есебінен халыққа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін филиалдар желісі мен инфрақұрылымы дамыған банк.

ҚДКҚ таңдалған агент-банкті жариялағаннан және кепілдікті өтемақыны төлеу басталғаннан кейін салымшылар осы агент-банктің филиалына кепілдікті өтемақы төлеуге арналған өтініш жасағаны дұрыс.

Кепілдікті өтемақы төлеу қолма-қол ақшамен немесе салымшының басқа банктегі шотына аударыммен теңгемен ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте салымшының алынған кепілді өтемақыны агент-банктің шотында қалдыруға мүмкіндігі бар. Барлық кепілді өтемақыларды төлеу тек ұлттық валюта – теңгемен жүзеге асырылады. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдікті өтемақыны есептеу үшін банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланылады.

Еске сала кетейік, Ұлттық Банк 2018 жылы 25 қыркүйекте Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шағым-талап берген.

 

Похожие материалы