Негізінен әйел бастықтардың басын іс жүзінде кеңсе саясаты ауыртып, фрустрацияға (лат. алға қойған мақсаты, жоспары орындалмаған адамның уайымы, күйі) жетелейтіні сөзсіз. Өз компаниясында не ұнап, ұнамайтынын білу үшін, Fortune 500 рейтингіне кіретін ұйымдардағы 270 менеджер-әйелдермен бірнеше сұхбат өткіздік. Саясат – «ұнамайды» бағанына міндетті түрде түскен пункт болды. Сонымен қатар ер және әйел қызметкерлер: жұмыстағы жеке жанжал мен басқа да саяси мәселелерде әйелдер анағұрлым жиі күйіп-пісіп, күйгелектенетінін жеткізді.
Үздіксіз жүргізілген сауалнама кезінде қызығушылық танытқан барлық тараптардан әйел көшбасшылардың саяси тәсілдерді ерекше күрделі дилемма ретінде қарастыратынын байқадық. Бір жағынан оларға «сен – маған, мен - саған» принципі бойынша жүріп, астыртын шиеленістерге қатысу ыңғайсыз.
Осының барлығын ескере отырып, нәзік жандарға кеңсе саясатында ақылға қонымды тәсілдерді меңгеруге көмектесетін төрт ең тиімді стратегияны іздеу мониторинг жасалды.
Өзіңізге «агент» табыңыз. Ауқымды қаржы компаниясында бесінші жылға аяқ басқан қызметі кезінде Гэйл қорқынышты заңдылықты байқады. Мықты тапсырмаларды бөліп берерде үнемі оны айналып өтетін. Менеджерге сенсек, оның репутациясы да, атқарған жұмысы да мінсіз. Сонда, мәселе неде? Тапсырмаларды үлестірерде ол өз мүддесін әріптестері сияқты белсенді қолпаштай алмайтын. Гэйл өзін асыра мақтауға жоқ.
Қызметкерлер Гэйлді жақсы көрді және мақтан тұтты. Өйткені ол, айналасынан мақтау күтпей жақсы жұмыс істеді. Сондықтан оған өзін құрметтейтін әріптестерін табуда аса қиын болған жоқ. Ол өзін дәріптеуге уақыт жоғалтқысы келмей, өзіне әлдеқайда ыңғайлы басқа жолға көшті. Қызықты тапсырмаларға мүмкіндік туғанда өзін жақтап сөйлейтін, мүддесін қолпаштауға дайын басқа адамдарды тапты. «Мен өзімді – мансабын спорт агенттігіне сеніп тапсырған атлет сияқты сезіндім», — дейді Гэйл.
Мұндай лоббилендіру екі жаққа да тиімді. Ұсынылған адам өзін-өзі дөрекі қолпаштап, ілгерілетпей-ақ тікелей пайда табады. «Агент» өзіне абырой жинайды, солайша ол альтурист болып көрінеді және ұтымды кеңестер береді. Әрине, әйел басшыларға өзінің ниетін тұспалдамай айта білуі маңызды екені бәріне белгілі. Бірақ Гэйл таңдап алған стратегия – сенімді әрі бәріне қолжетімді «айналма тәсіл».
Жоспар арқылы саясаты айналып өтіңіз Көпшіліктің астыртын ойындардан қорқуының бірден-бір себебі, — оларды болжап болмайтынында. Әр түрлі мінездер мен мүдделер шатасқанда нені болсын күтуге болады. Энергетикалық саладағы біздің бір таныс топ-менеджер жіті жоспарлауға негізделген, саяси маневр жасауға деген жаңа көзқарасты таңдады. Көп жыл ішінде біз бұған әйел-басшыларды үйреттік. Ең маңызды кездесулерге дайындық кезінде ол әр түрлі сценарий қолданылатын іс-қимыл стратегиясын жасайды.
Ал мәселе саясатқа тірелгенде, оның компаниясы проблемасыз қалмайды, өйткені бұл – ондаған менеджер шектеулі ресурсқа таласатын және өз аймақтарының мүдделерін қолпаштайтын трансұлттық корпорация. Өзге ойыншылардан қалмау және өз жоспарларын қорғауда мейлінше қарулану үшін біздің басқарушымыз үш баған: есімнама (персоналиялар), ынталандыру (мотивациялар) және тұрақсыз факторлардан тұратын әлеуетті сценарийлер сызбасын салады.
Мысалы, міндетті түрде астыртын күрес жүретін жыл сайынғы жоспарлауға бара жатып, ол «үй жұмысын» дайындайды — барлық қатысушыларды жазып шығады және олардың әрқайсысы оның ұсыныстарына қалай қарауы мүмкін, соны түртіп шығады. Сосын талдау жасап, олардың мотивацияларын – әрқайсысы жиналыста ілгерілетейін деп отырған жеке жоспарларын салыстырады. Ақырында ол кез келген сәтте қаруланып, дайын отыру үшін қатысушыларға тікелей кездесу кезінде ықпал етуі мүмкін басқа маңызды факторлар жайлы ойланады. Мұндай дайындық жобалары лидер әйелдерге түрлі ситуацияларға қажет нұсқалармен қамданып алып, әркез жедел өзгеретін саяси жағдайларда қырағы болуға көмектеседі.
Тәлімгеріңіз қамқоршыңызға айналсын Тәлімгерлер — саяси маневрлер кезінде таптырмас одақтастар болып табылады, алайда қолдаушы, қамқоршылардың болғаны одан да маңызды. Егер сізге ашық көмектесетін және сіздің «эфирде» болуыңызды қамтамасыз ететін ықпалды жолдасыңыз болса, бұл міндетті түрде табыс әкеледі. Сөйте тұра, зерттеулерге сүйенсек, қамқоршыларды табу, әсіресе әйелдер қауымының өкілдеріне, онша оңай емес. Біз өзіміздің клиент аруларға қамқоршы табудың әдістерінің бірі – өз тәлімгеріңізді «өсіру» деп үйретеміз.
Біздің Шерил деген бір шәкіртіміз осы стратегияны табысты қолданғаны жайлы айтып берді. Оның қамқоршысы компаниядан кеткенде, ол қорғаушы-қамқоршы рөліне дейін өзінің тәлімгерін «көтерген». Менторлар сізді «шын жүректен» барынша қамқорлауы үшін сіздің жетістігіңіз оларға тиімді болуы керек. Және олар сіздің пайдаңызға жұмыс жасағанынан сіздің олардың пайдасына жасағаныңыз да кем емес екенін көруі тиіс. Яки сіздің алға басуыңыздан олардың да ұтатынын анық көрсетуіңіз қажет. Ол үшін екеуіңізге өз жоспарларыңызды анық синхрондатып, маңызды ортақ бөлігін айрықшалап белгілеу керек. Жалпы, тәлімгердің сіздің тұлғаңызды мейлінше белсенді қолдауға қызығушылығын арттыру үшін сөзден гөрі ісіңіз маңызды. Шерилге оралатын болсақ, ол өзін бірнеше жобаға ықпалды тәлімгерімен бірге жұмысқа қосуды сұрады, бұл оған оның таптырмас «оң қолына» айналуға мүмкіндік берді. Олар жақынырақ танысып, Шерил беделді қамқоршыға ие болды.
Жеке басыңызға ештеңе қабылдамаңыз Жеке амбициясыз офистік астыртын шиеленістер болмас еді. Алайда, адамдар мен олардың ұмтылыстарынан қашып құтылу мүмкін болмаса да, астыртын ойындарды жүрекке ауыр алмау әбден мүмкін. Біздің таныс әйел-басшылардың ішіндегі саясатқа ойын сияқты қарай алатындар (бірдеңеден ұтасың, басқасынан - ұтыласың), астыртын шиеленістер оқыс жағадан алған жағдайда асқан табандылық көрсетіп, өзін ақылдырақ ұстауға бейім.
Біздің бір жоғары лауазымды клиент ханым офис өмірінің «деперсонализациясы» үшін қарапайым стратегия қолданады: қақтығыстар тым ушыққан кезде, ол қарсыласының көзіне қарауды қояды. Көптеген бизнес-ситуацияларда көзге тура қарау аса қажет. Бірақ бұл жағдайда, көзін ала қашу арқылы біздің клиент ару өзіне тыныштық қамтамасыз етіп, соққы астында қалғанда «ұр да қаш» рефлексінің әсерінен қашып құтыла алады. Жалпы алғанда, салқынқандылық оған келіссөздер жүргізуді тоқтатпауға және ситуацияны өз қолына алуға көмектеседі. Қалай болғанда да, саяси ойындарды жүрекке жақын қабылдамасаңыз, бәрі сіздің оң жамбасыңызға келмей жатса да, қатты ауыр болмайды.
Жұмыстағы астыртын шиеленістер — офис өмірінің бұлжытпас бөлігі, алайда саналы көзқарас сізге оңайырақ құтылуға көмектеседі.
Дереккөз: Hipo.kz