Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әйелдері билікке араласқан президенттер

Әйелдері билікке араласқан президенттер

Кеше Әзербайжанның Президенті Ильхам Әлиев әйелі Мехрибан Әлиеваны елдің вице-президенті лауазымына тағайындады. Сарапшылардың сөзінше, Әзербайжан билігіндегі мұндай өзгеріс ешнәрсеге әсер етпейді. Оның үстіне жаңа вице-президенттің билікте жүйелі басқару тәжірибесі бар. Ал осылай әйелдері билікте болған президенттер бар ма? Олар кімдер?

Билл Клинтон мен Хиллари Клинтон

Хилари и Билл Клинтон

1993-2001 жылдары АҚШ Президенті болған Билл Клинтонның әйелі Хиллари Клинтон 2016 жылы өткен Президент сайлауында үміткерлердің бірі болды. Алайда ол Дональд Трамптан жеңілді. Хиллари Клинтон президент сайлауына тек өткен жылы ғана емес, 2008 жылы да түскен. Ол кезде Барак Обамадан ұтылды.

Нестор Киршнер мен Кристина Фернандес де Киршнер

Кристина и Нестор Киршнер

2007 жылы Аргентина Президенті Нестор Киршнер әйелі Кристина Фернандес де Киршнерге президенттік лауазымды тапсырды. Кейбір сарапшылар жұбайлардың биліктегі мұндай жүйесі арнайы жоспармен болған деп есептеген. Дегенмен Нестор Кришнер 2010 жылы қайтыс болып, бұл пікірлерге нүкте қойылды.

Хуан Перон мен Исабель Мартинез де Перон

Хуан Перон с женой

Аргентинада президент билігі әйелінде қалған тек Нестор Кришнер ғана емес. Осыдан 30 жылдай бұрын, яғни 1974 жылы Хуан Перон қайтыс болған соң оның әйелі Исабель Мартинез де Перон аталған елдің президенті болды.

Фердинанд Маркос мен Имельда Маркос

Имельда и Фердинанд Перон

Филиппиннің бұрынғы Президенті Фердинанд Маркос биліктен кеткеннен кейін (1986 жыл) 21 жылдан соң әйелі Имельда Маркос билікке араласа бастады. Алайда 1992 жылы өткен сайлауға қатысқан ол тек бесінші орынға ие болды.

Альваро Колома мен Сандра Торрес

Альваро Колом и Сандра Торрес

Сандра Торрес - Гватемаланың бұрынғы Президенті Альваро Коломаның әйелі. Ол президент сайлауына қатысу үшін күйеуінен ажырасқан. Себебі мемлекет Конститутциясы туысқандардың мемлекет басшысы қызметін бір-біріне беруіне тыйым салған. Дегенмен ол президент сайлауында жеңіліп қалды.

Франсуа Олланд пен Сеголен Руаяль

Франсуа Олланд и Сеголен Руаяль

Сеголен Руаяль 2007 жылы Францияда өткен президент сайлауына қатысқан, бірақ Николя Саркозиге жол берді. 2011 жылы ол тағы да президент болуға өз кандидатурасын ұсынды, бірақ бұрынғы күйеуі Франсуа Олландтан жеңілді. Осыдан соң Олланд Сеголен Руаяльды Францияның экология және тұрақты даму министрі ретінде тағайындады.

Йовери Мусевени мен Джанет Мусевени

Йовери Мусевени и его жена Джанет1986 жылы Йовери Мусевени Уганда президенті болып сайланған соң оның әйелі Джанет Мусевени бірінші ханым атанды. 2006 жылы Джанет Мусевени парламент мүшесі ретінде тағайындалады. Ал 2016 жылы ол Уганданың білім және спорт министрі қызметіне келді.

Нельсон Мандела мен Винни Мандела

Нельсон и Уинни МанделаОңтүстік Африка Республикасының көшбасшысы Нельсон Манделаның бұрынғы әйелі Винни Мандела өзін мемлекет басшысы қызметіне ұсынған емес. Дегенмен Африкалық ұлттық конгрес саяси партиясының беделді азаматтарының бірі болды. Карьерасында адам құқығын бұзушылыққа жол берді деген кіна тағылғанымен, өз жақтастарының арасында "ұлт анасы" деген атпен танымал. 

Похожие материалы