Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда электросамокатпен жасаған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Полиция жаңа ереже стандартын әзірлеуде. Ол бекітілгеннен кейін жол ережесіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Электросамокаттарының көлік құралы ретіндегі мәртебесін заңнамалық деңгейде анықтау қажеттілігі туындады. Тиісінше, электр самокаттарын басқарушыларды жол қозғалысына қатысушылар ретінде анықталады, онда құқықтар да, міндеттер де қарастырылған. Қазір стандарт әзірленді, жақында жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізілді. Олардан кейін бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де енгізіледі», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.