Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҰЭМ: Еліміздің барлық өңірінде экономиканың оң өсімі байқалды

ҰЭМ: Еліміздің барлық өңірінде экономиканың оң өсімі байқалды

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz – Еліміздің барлық өңірінде экономика салаларында оң өсу қарқыны байқалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті.

«Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсу қарқыны жалғасуда. Олар 23,7 пайызға артты. Инвестициялардың ең үлкен өсімі - 32,7 пайызы өнеркәсіпте тіркелген. Бұл Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға және Теңіз кен орнында болашақ кеңейту жобасын іске асыруға байланысты. Бұл ретте Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту шетелдік тікелей инвестициялардың айтарлықтай ағыны есебінен жүзеге асырылуда. Бұл ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мұнай өңдеуге тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің 5,4 есеге өсуімен расталады», - деді Т. Сүлейменов.

Жалпы тікелей шетелдік инвестиция бойынша 6,7 млрд АҚШ доллары тартылды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4 пайызға жоғары.

Министрдің сөзіне қарағанда, өңірлік бөліністе барлық жерлерде экономика салаларында оң өсу қарқыны байқалады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы бойынша барлық өңірлерде оң үрдіс сақталуда. Алайда 6 өңір республикалық деңгейден (3,5%) төмен қарқын көрсетті.

Құрылыс бойынша артта қалған өңірлер саны 2-ден 4-ге дейін өсті. Бұл тұрғыда Атырау облысындағы ахуал өткен аймен салыстырғанда жақсарды.

Инвестициялар бойынша Павлодар (1,5 пайызға төмендеу) облысынан басқа барлық өңірлерде инвестициялық ағындардың өсуі анықталды.

Похожие материалы