Энергетика министрлігі газдың көтерме бағасын төмендету бойынша жобаны әзірледі
13 ноября, 2018
Алматы. 13қараша. 7kun.kz – 2019 жылдан бастап Қазақстанда электр станциялары үшін тауарлық газ бағасы төмендейді, - деп хабарлады ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында.Министрдің айтуынша, бағаның төмендеуі газды пайдаланатын электр станциялары үшін тауарлық газдың соңғы бағасын 6-15% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді."Электр энергиясын өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының тарифтерін төмендету мақсатында Министрлік көтерме бағаны төмендету туралы қаулы дайындады. Біздің бағалауымызша, көтерме бағалардың төмендеуі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап газды пайдаланатын электр станциялары үшін тауарлық газдың соңғы бағасын аймаққа байланысты 6-15% - ға төмендетуге мүмкіндік береді. Тиісті бұйрықты қараша айының аяғында қабылдау жоспарлануда. Бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі", – деді Қанат Бозымбаев.2018 жылдың 7 қарашасында Нұрсұлтан Назарбаев жыл соңына дейін электр энергиясының тарифін төмендетуді тапсырған.