Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Энергия өндірушілер «ҚазТрансГаз Аймақ»-қа 4 467 млн теңге қарыз

Энергия өндірушілер «ҚазТрансГаз Аймақ»-қа 4 467 млн теңге қарыз

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Энергия өндірушілердің «ҚазТрансГаз Аймақ» АО алдындағы  қарызы 4 467 млн теңге, деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Министрдің айтуынша,  энергия өндірушілердің қарызы алдағы жылыту маусымында отын жеткізуге кедергі келтіреді.

«МАЭК-Қазатомпром» ЖШС қарызы - 3 456 млн теңге, Орал қаласындағы «Жайықтеплоэнерго» АҚ қарызы - 319 млн теңге, «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС  - 205 млн теңге, «Батыс Пауэр» ЖШС - 260 млн теңге, «Уральская ГТЭС» ЖШС - 141 млн теңге, «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ - 86 млн теңге», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Севказэнерго» АҚ отын жеткізілімі үшін «Богатырь көмір» ЖШС алдындағы қарызы 101 млн теңгені құраған, бұл алдағы жылыту маусымына қажетті отынның жеткізілуіне күмән тудырады.

Похожие материалы