Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әйгілі Биг-Бендегі сағат жөндеу жұмыстары үшін төрт жылға тоқтайды

Әйгілі Биг-Бендегі сағат жөндеу жұмыстары үшін төрт жылға тоқтайды

Лондон. 14 тамыз. 7kun.kz - Биг-Бендегі сағат 21 тамыздан бастап ғимараттағы жөндеу жұмыстары салдарынан жабылатын болды. Бұл туралы Британ парламенті қауым палатасының мәлімдемесінде айтылған.

14 тонналық сағаттың "тықылы" жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында тоқтатылады. Бұған дейін әйгілі сағат әрбір 15 минут сайын соңғы 157 жыл бойы оңыраулатып келген еді. Соңғы рет тек 2013 жылы Ұлыбританияның бұрынғы үкіметбасы Маргарет Тетчерді жерлеу кезінде уақытша тоқтаған еді. Жөндеу жұмыстары кезінде ғимараттағы 1950 жылдан бері жаңармаған құбыр желілері ауыстырылмақ. Жобаның құны 5,7 млрд фунт немесе $7,4 млрд.

Похожие материалы