Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әйгілі Tesla 2017 жылдың соңында рекордтық шығынға ұшырады

Әйгілі Tesla 2017 жылдың соңында рекордтық шығынға ұшырады

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Американдық Tesla автокөлік өндірушінің 2017 жылғы IV тоқсанындағы қорытындысы бойынша есептелген таза шығыны 675,3 млн долларды құрады. Ал, 2016 жылдың IV тоқсанында бұл көрсеткіш 121,3 млн доллар болған еді.

Los Angeles Times басылымының хабарлауына сәйкес, бұл көрсеткіш компания тарихында алғаш рет болып отыр. Компанияның осыншама шығынға ұшырауы Model 3 үлгісіндегі седан автокөлігін шығарумен байланысты.

Дәл осы кезеңдегі компанияның кірісі 3,28 млрд долларды құрады. Компания 2016 жылмен салыстырғанда 44 пайызға артық табыс тапты.

Ал, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, компанияның шығыны 1,96 млрд доллар болды. Компания шығыны 2016 жылы 674 млн долларды құраған болатын.

Алдағы уақытта компания Model S және Model X үлгісіндегі электрокөліктерді сату жөнінен 100 мың деңгейіне жоғарылайтынына сенеді. Сондай-ақ, І тоқсанның соңына қарай Model 3 улгісіндегі электрокөліктерді өндіру аптасына 2,5 мың, ІІ тоқсанда 5 мыңға көтерілетінін күтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы