Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Jusan Bank-ке Kcell ұялы байланыс операторындағы үлесін сату үшін бірнеше ұсыныс түсті, бірақ шешім әлі қабылданған жоқ. Сатып алушылар ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына басымдылық берілген. Бұл туралы «Jusan» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бізге бірнеше ұсыныс келіп түсті, соның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ да бар. Бізге олардың корпоративтік басқаруы, ішкі саясаты, даму және реформалар стратегиясы ұнайтындықтан басымдылық береміз», – делінген баспасөз хабарламасында.
Банк басшысының айтуынша біз түпкілікті шешім қабылдамаған, келіссөздер жүргізілуде.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі Jusan Bank-тен сатып алынған Kcell акцияларын бір жыл бұрын сатып алынған бағамен қайтаруды сұраған.
Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, оператор акцияларының жалпы нарықтық құны 329,229 млрд теңгені (695,53 млн доллар) құрайды.
Айта кеетйік, өткен жылдың қазан айында Қазақтелеком Jusan Bank-ке Kcell-дегі 9,08% акциясын сатты, кейін 14,87% акциясын Люксембургте тіркелген Pioneer Technologies S.A R.L. компаниясы сатып алды.
Айта кетейік, Kcell – Қазақстан нарығында жұмыс істейтін үш ұялы байланыс операторының бірі.