Экономика
Jusan bank өрт салдарынан баспанасынан айырылған қостанайлықтардың несиесін есептен шығарады
Қостанай облысы. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Jusan bank өрт салдарынан баспанасынан айырылған Қостанай облысының тұрғындарының несиесін кешірді, – деп хабарлайды 7kun.kz.
«Jusan Bank ұжымы мен басқармасы Қостанай облысындағы апат салдарынан жақындары мен туыстарын жоғалтқан отбасыларға шын жүректен көңіл айтады. Банк ұжымы оларға барынша көмек көрсету үшін бар күшін салады», – делінген банк хабарламасында.
Банк өрт салдарынан баспанасынан айрылған облыс тұрғындарының несиелері мен олар бойынша барлық қарыздарды есептен шығарады.