Алдағы күз-қыс кезеңінде қазақстандықтар отандық көкөністермен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы "ҚазАгро" ұлттық холдингінің басқарма басшысының міндетін атқарушы Дәурен Махажанов мәлімдеді деп хабарлайды LS.
"Инвестициялық жобалардың іске асырылуы қызанақ пен қияр импортын 61%, құс етінікін 15%, сүттікін 9% азайтуға мүмкіндік береді. Ал көкөніс сақтайтын қоймалар тапшылығын 41% төмендетеді", - деп атап өтті ол. Д.Махажановтың сөзінше, 2009 жылы Ұлттық қордан ұлттық холдингке 15 жыл мерзімге 120 млрд олигациялық несие бөлінген. Осы қаржылардың есебінен жалпы құны 200 млрд теңге болатын 219 жобаны бастауға рұқсат берілген. Қазір оның 160-ы пайдалануға берілген.
"Енді микроклимат тудыратын компьютері жүйелері бар, автоматты түрде су жіберілетін жаңа заманғы 96 га жылыжай кешені енгізіледі. Осыған дейін 109 мың тонна сүт өнімдері шығаратын сүт фермалары мен 80 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикаларының жұмысы жолға қойылған. 27 мың тонна шикі етті өңдеуге мүмкіндік беретін етөңдеуші комбинаттарының жүйесіне қаржы бөлінді. Сондай-ақ, бидай сақтау көлемін 762 мың тонна, көкөніс сақтайтын қоймалардың көлемін 123,8 мың тоннаға дейін кеңейтетін жаңа қоймалардың құрылысы қаржыландырылды", -деп баяндады Д.Маханжанов.
"ҚазАгроның" инвестицялық портфелінің құрамына жалпы құны 315,2 млрд теңге болатын 506 жоба кіреді. Олардың ішінде 371 жоба пайдалануға берілді. 2015 жылы құны 50 млрд теңге болатын 75 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.