Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Көктөбеде ашық аспан астында музыка фестивалі өтті

Көктөбеде ашық аспан астында музыка фестивалі өтті

Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz -  Музыка фестивалі осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. «Көктөбе опера – 2017» Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен ұлттық опера өнерінің әртістері мен әлемнің үздік сахналарынан шақырылған опера және балет жұлдыздарының өнерін тамашалауға мүмкіндік берді.

Алғашқы фестиваль 2016 жылы Алматының 1000 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылса, осы жылы «Көктөбе опера – 2017» қала күні мен ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінің құрметіне орайластырылған.

Фестиваль басталмас бұрын музыкалық мерекенің арнайы қонағы болған Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қайта қалпына келтіріліп, Көктөбе төріне қойылған "Кәдесый ұстаған қыз "Сұлушаш" мозаикалы панносын салтанатты түрде ашты.

КөктөбеТуындылары Третьяков галлереясынан орын алған атақты суретші Молдахмет Кенбаев пен мүсінші Николай Цивчинский 1970 жылы «Қазақстан» дүкені орналасқан үйдің бір қабырғасына қолына алқа ұстаған арудың бейнесін мозаикамен бейнелеп, оны «Сұлушаш» деп атайды. 2000 жылдары «Сұлушаш» дүкен қабырғасынан жоқ болып, оны суретшінің ұлы Алпамыс Кенбаев қайта жаңғыртып, қала әкімдігінің көмегімен Көктөбеге орналастырған.

Концерттік бағдарлама екі бөлімнен тұрды, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Ә. Бөрібаевтың басқаруындағы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театры симфониялық оркестрінің сүйемелдуімен Дж. Верди, Дж. Пуччини, Дж. Россини, Ж. Бизе, П. Чайковскийдің шығармалары мен басқа да әлемдік классикалық шығармалар орындалды.

Фестивальдің басты қонағы, Италиядан арнайы шақырылған белгілі опера әншісі Стефано Ла Колла болды. Сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Трегубенко, Г. Даурбаева, Ж. Баспакова, Б. Жомартов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Т. Кузенбаев, халықаралық конкурстардың лауреаттары О. Давыденко, Н. Наденова, Е. Никонова, З. Алтынбаева, Э. Сакавов, Д. Таласбекова, В. Алпысбаева, К. Омирбеков, Ф. Буриев, Д. Есентаева, А.Сметанин, Х. Нуралиев, Н. Мезина, Д. Садуакасов, О.Тамиров, Абай атындағы МАТОБ-тың балет труппасы болды.

Көктөбе

Естеріңізге салсақ, Фестиваль 26-27 тамызда Көктөбеде өтеді. MK

Похожие материалы