Әлемді күрделі уақыт күтіп тұр. Егер Федералды қор жүйесі (ФҚЖ) пайыздық бәсті көтеруді бастаса, артық бағаланып қойылған нарықтар мен emerging markets елдері барлығынан да қатты зардап шегуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард мәлімдеді.
Жаһандық экономика үшін қауіп азая бастаған кезде, әлемдік қаржы жүйесіндегі негативті факторлар өсе түсті дейді ол. "Егер барлығы да бұдан бірден құтылуға тырысса, өтімділік азая түседі. Ал ФҚЖ қысқа мерзімді бәсті көбейте түскенде, күрделі кезең болуы мүмкін", - деп мәлімдеді ХВҚ басшысы Вашингтонда сөйлеген сөзінде.
Оның әсері шикізат экспортына тәуелді елдердің экономикасы үшін өте күшті әсер етеді. АҚШ долларының нығая түсуіне қатысты тауарлар бағасы төмендесе, бұл елдердің долларлық міндеттемелеріне байланысты борыш салмағының көбеюіне әкеліп соғады.
К.Лагард саясаткерлерді нарықты қажетті өтімділікпен қамтамасыз етуге, банктық емес қарызгерлерді бақылау саясатын жалғастыруға және қаржылық жүйе (too-big-to-fail) үшін өте маңызға ие институттарды қорғауға шақырды. Оның сөзінше, әлемдік экономиканың өсуі "тұрақты емес" болып есептеледі. Әлемдік өндірісі 2015 жылы өткен жылғыдай 3,4%-ға өседі.
К.Лагардтың сөзінше, дамыған экономикалар осы жылы өздерін "әлдеқайда жақсы" сезінеді. Ол АҚШ пен Ұлыбританияның қалпына келгенін, еуроаймақ экономикасы үшін перспективаның жақсарғанын айтты. Ал шикізат бағасының төмендеуіне байланысты дамушы экономикалар үшін сипаттама "әлдеқайда төмен" деді ол. Осы санаттағы елдер арасында Үндістанды "ең жарқын мысал", Қытай экономикасын "баяу, бірақ тұрақты түрде дамып отыр", ал Бразилия тоқырап жатыр деп атап өтті.
Айта кетейік, ХВҚ келесі аптада жаһандық экономика үшін болжамды жаңартпақшы.