Экономика
К.Мәсімов: Ұлттық қордан қосымша қаражат алынбайды
Қазақстан Үкіметі Ұлттық қордан қосымша қаржы алмайды. Бұл туралы премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді.
"Ауыр күндер әлі алда деп білеміз. Сондықтан Ұлттық қордан қосымша ресурс алмаймыз. Ұлттық қор бізге әлі қажет болады", - деп атап өтті Астанадағы брифинг кезінде. Оның айтуынша бұған дейін Ұлттық қордан алынады деп жоспарланып қойылған ресурстар көлемі өзгеріссіз қалады.
"Біз Ұлттық қордан алынады деп келісіп қойған қаржымен шектелеміз. Қазіргі бюджет үшін 8 млрд доллар және "Нұрлы Жол" бағдарламасы үшін 3 млрд доллар деп нақтыланған. Қосымша қаржы алынбайды", - деп атап өтті К.Мәсімов.