Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

К.Мәсімов: Үкімет экономикалық саясатқа өзгеріс енгізеді

К.Мәсімов: Үкімет экономикалық саясатқа өзгеріс енгізеді

2016 жылдың қыркүйегінде министрлер кабинеті мемлекеттік экономикалық саясатты өзгерту туралы ұсыныс енгізеді. Бұл туралы премьер-министр Кәрім Мәсімов ҚР парламенті палаталарының отырысында мәлімдеді. 

"Теңге курсына түзету енгізгеннен кейін біз белгілі бір шекараға жақындап қалдық деген пікірлеріңізбен келісемін. Біздің сыртқы қарызымыз - негізінен АҚШ долларында. Сондықтан, президент тапсырмасы бойынша Кеңесте сыртқы қарыз, Ұлттық қор қаржысын пайдалану, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын басқару деген экономикалық саясат мәселелерін қараймыз. Сондай-ақ міндетте медициналық сақтандыру және банк секторын реформалауға қатысты сұрақтар бар. Менің ойымша, осы жылдың қыркүйегінде 2016 жылдың бюджетін нақтылау жобасымен қатар депутаттарға мемлекеттің және үкіметтің экономикалық саясатына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс айтамыз", - деді ол. Премьердің атап өтуінше, сыртқы қарыз бен ішкі даму арасында баланс таба білу қажет. Дүниежүзілік Банк, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі, Азиялық Даму банкі және т.б. халықаралық институттармен серіктестік Қазақстанға экономикағ тек инвестиция салып қана қоймай, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құрылымдық реформалар жүргізуге көмектеседі. Мәжілісі депутаты Өмірхан Өксікбаев  Қазақстан тарихында болмаған жағдай яғни 2015 жылы заңмен бекітілген үкіметтің қарызы 465 млрд теңгені құрап, бюджет қаржыларының қалдығы 264 млрд теңгені құрағандығын атап өтті. 2015 жылы республикалық бюджет тапшылығын жою үшін 1,1 трлн теңгеден астам сыртқы қарыз пайдаланды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 9 есе аз. Республикалық бюджет шығындарының 16%-ы сыртқы қарыз есебінен жұмсалады. Мұнай бағасының арзандауы ұзақ уақытқа жалғасады "2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан экспорттайтын шикізат, мұнай өнімдерінің бағасы күрт құлдырап кетті. Шындығын айтқанда, біздің мұндай баға конъектурасы ең төменгі нүктеде ұзақ уақыт болады деген қаупіміз болды", -деді К.Мәсімов. Үкімет басшысының атап өтуінше, осы жағдайға байланысты 2016 жылдың бюджетін қайта қарау туралы шешім қабылданып, депутаттар тарапынан қабылданды. "Қазір белгілі бір деңгейде бұл қиын фаза өтті. Мұнай бағасы құбылғанымен, 50 доллар деген деңгейге жақындап келеді. Басқа да шикізат тауарларының бағасы да тұрақтанады, бірақ ұзақ уақытқа жалғасады. Күрт төмендеу немесе күрт жоғарылау болса, жағдай басқа болар еді. Бірақ қазір біз еніп келе жатқан жаңа шынайылық ұзақ мерзімге созылады", -деп атап өтті К.Мәсімов. Осыған байланысты министрлер кабинеті мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік бағдарламалар мен экономиканың дамуы бойынша жоспарларға кейбір өзгерістер енгізілетіндігін атап өтті Министрлер кабинеті ҚР-ның Бюджетті және Салық кодексінің жаңа жобаларын дайындап жатыр.  "Үкімет пен бюджетті бағдарламалардың әкімшілерінде қаржыны игеруге байланысты проблемалары жылдан жылға жалғасып жатыр. Мен осыған байланысты депутаттарға өтініш жасағым келеді. Қазір  жаңа Бюджет кожексі мен жаңа Салық кодексін қайта қарау кезеңіне өтті. Үкімет талқылап жатыр. Бір жыл ішінде парламентке ол құжаттарды әкелеміз деп ойлаймын", -деді К.Мәсімов. Осыған дейін ҚР Есеп комитеті 2015 жылы орталық мемлекеттік органдар игермеген қаржы көлемі 7 млрд теңгені құрады деп атап өткен еді. ІІМ, СІМ, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктері өзге ведомстволарға қарағанда көп қаржыны игермеген. Есеп комтеті тексерісінің нәтижесі бойынша, осы және басқа да заң бұзушылықтар үшін 400-ден астам тұлға әкімшілік және дисциплинарлық жауапкершілікке тартылды.  

Похожие материалы