Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Көмір бағасын қымбаттатқан кәсіпкерлер жазаланды

Көмір бағасын қымбаттатқан кәсіпкерлер жазаланды

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz - Көкшетауда 2017 жылы күзде көмір бағасын негізсіз қымбаттатқан кәсіпкерлер жазаланды, деп хабарлайды 24.kz.

Соттың айтуынша, 5 ірі компанияға бас-аяғы 12 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Одан бөлек, жеңіл жолмен тапқан 82 млн теңгеден астам монополиялық табыстарын мемлекетке қайтаруға тиіс.

Тексеріс нәтижесіне сүйенсек, көмір жеткізушілер былтыр тоннасы 10 мың теңгенің көмірін шамамен 13-14 мың  теңгеден сатқан.

Жазаланған серіктестіктер - Көкшетауға көмір әкелетін ең ірі компаниялар. Әрі олар бағаны қымбаттату жайлы өзара келіскен болуы да мүмкін. «Халықтан түскен шағым бойынша тексерістер жүргізіліп, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 559-бабының 2-бөлімі негізінде оларға қатысты хаттама толтырылған. Енді бұл мәселе сотта толық қаралып, өз шешімін тапты», - дейді қалалық мамандандырылған әкімшілік сот өкілі Марат Қуандықов.

Похожие материалы