Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 мамырда доллардың орташа бағамы 315,78 теңгені құрады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайты хабарлады.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 315,56 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 315,99 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 315,75 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 75 млн 200 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 178.
Ақша айырбастау орындарында 4 мамырдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.00) Алматыда 317.3 теңгені құраған.